сенбі, 6 маусым, 2026 15:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Банан беріп, қайта жинап алған: балабақшада шу шықты

Банан беріп, қайта жинап алған: балабақшада шу шықты
Қазіргі уақытта балабақша әкімшілігінің ресми түсініктемесі жарияланған жоқ.

Шымкент қаласындағы балабақшалардың бірінде түсірілген фото әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Желі қолданушыларының пікірінше, түскі ас кезінде балаларға банан таратылып, кейіннен жемістер қайта жиналып алынған.

Әлеуметтік желілерде жарияланған сурет көпшіліктің назарын аударып, қоғамда түрлі пікірлердің туындауына себеп болды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, банандар тәрбиеленушілерге берілгенімен, біраз уақыттан кейін қайта алынып кеткен.

Осыған байланысты желі қолданушылары банандардың шынымен балаларға арналған азық-түлік болған-болмағанын және олардың тек фотоесеп үшін пайдаланылған-пайдаланылмағанын талқылауда.

Қазіргі уақытта балабақша әкімшілігінің ресми түсініктемесі жарияланған жоқ. Оқиғаның мән-жайы мен барлық деректері нақтыланып жатыр.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат қоғам назарын аударып, білім беру ұйымдарындағы тамақтану сапасы мен ашықтығы мәселесін тағы да күн тәртібіне шығарды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар