Алматы облысында ер адам итті өртеп жіберген
Иттің өлексесі түсірілген сурет әлеуметтік желіде тарады.
Алматы облысында жанып кеткен иттің өлексесі түсірілген сурет әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Полицияның хабарлауынша, оқиғаға қатысы бар күдікті анықталып, қазіргі уақытта тиісті тексеру және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның айтуынша, ит бірнеше күн бойы қимылсыз жатқан. Ол ауыл тұрғындарына арналған чатқа жануардың денесін алып кетуге көмек сұрап хабарлама қалдырған.
Алайда өтінішіне ешкім жауап бермеген соң, ер адам иттің өлексесін өртеп жіберген. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.