жұма, 5 маусым, 2026 20:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ұлттық валюта бағамы әлсіремейді

Ұлттық валюта бағамы әлсіремейді
Azattyq ryhy
Бұл туралы Тимур Сүлейменов айтты.

Базалық мөлшерлеменің төмендеуі ұлттық валюта бағамының әлсіреуіне әкеп соқпайды. Бұл жөнінде журналистерге арналған арнайы брифинг барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бас банкир қаржылық реттеуші тарапынан теңгенің күрт құлдырауына әкелетін ешқандай тәуекелдер байқалмайтынын айтып, қазақстандықтарды тыныштандырды.

Ұлттық банк басшысының түсіндіруінше, қазіргі таңда бекітілген мөлшерлеме деңгейі теңгелік активтердің тартымдылығын толық сақтап тұр. Сондықтан бұл өзгеріс нарықтағы сұранысқа айтарлықтай ықпал ете қоймайды.

«Базалық мөлшерлеменің төмендеуі нәтижесінде теңгенің әлсіреуін күтпейміз. Тұтастай алғанда, 17 пайыздық базалық мөлшерлеме теңгелік активтердің тартымдылығын сақтап қалады. Бір пайыздық айырмашылық депозиттерге де, корпоративтік облигацияларға да әсер етпейді. Сұраныс бұрынғы деңгейде қалады, демек, бағам да қатты өзгермейді», – деп сендірді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта валюта нарығына мүлдем басқа процестер, соның ішінде бюджет қаражатының қозғалысы көбірек ықпал етуде. Атап айтқанда, қаржы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жетіп, олар тендер жариялағанға дейін валютаға деген сұраныс тұрақты күйде қала бермек.

Сонымен қатар ұлттық валюта құнына дәстүрлі түрде маусымдық фактор да әсер етеді. Жазғы уақытта қазақстандықтардың демалысқа шығуы мен шетелдік валютаны жаппай сатып алуы бағамның біраз жоғарылауына себеп болады.

«Содан кейін демалыс маусымы басталады, азаматтар доллар сатып ала бастайды. Осы уақытта бізде бағам әдетте сәл жоғарылай бастайды», – деп толықтырды реттеуші басшысы.

Дегенмен, жалпы макроэкономикалық ахуал Қазақстан үшін өте қолайлы болып отыр. Елдегі энергетикалық ресурстар бағасының жоғары болуы мемлекетке тұрақты валюталық түсім әкелуде.

«Фундаменталды түрде бізде бәрі өте жақсы. Мұнай бағасы өсіп жатыр, бұған дейін 60 және 70 доллар болса, қазір тұрақты түрде 100 доллар маңында сақталуда», – деді Сүлейменов.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар