Тұрсын Алагөзов қызметкерлеріне пәтер сыйлау үшін несие алған
Кәсіпкер Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтқан.
Тұрсын Алагөзов қызметкерлеріне пәтер сыйлау үшін несие алғанын айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында өз компаниясының қызметкерлеріне пәтер сыйлау бастамасына байланысты тың дерекпен бөлісті. Оның айтуынша, бұл үлкен әлеуметтік жобаны жүзеге асыру үшін ол банк несиесін пайдаланған.
Кәсіпкердің сөзінше, мұндай шешім қабылдау оңай болмаған, алайда көп жылдан бері бірге еңбек етіп келе жатқан қызметкерлерге қолдау көрсету басты мақсат болған.
Еске салайық, өткен жылы Тұрсын Алагөзов өз компаниясында 15 жылдан астам еңбек еткен 100 қызметкерге 100 пәтер табыстаған еді. Бұл қадам қоғамда үлкен резонанс тудырып, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары бизнес үлгісі ретінде бағаланған.
Ал биыл да кәсіпкер игі дәстүрін жалғастырып, Шымкенттегі сыра зауытында жұмыс істейтін қызметкерлеріне 50 пәтер сыйға бергені белгілі болды. Осылайша ол бірнеше жыл қатарынан жүздеген отбасының баспана мәселесін шешуге үлес қосып келеді.