Әлеумет

Сәрсемалиевтң ломбардқа алтын өткізген видеосы көрсетілді

Бүгін сот отырысы жалғасып жатыр.

Атырау облысында бірнеше адамның өліміне байланысты резонансты қылмыстық іс бойынша басты күдікті ретінде Сұлтан Сәрсемәлиев танылған. Бүгін сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Желі қолданушылары бұл жолы Сұлтанның ломбардқа алтын өткізген видеосы көрсетілді. Оны журналист Жұлдыз Қайратқызы салды. 

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол өз әйелінің ата-анасы мен туыстарына қатысты ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Іс материалдарында бірнеше адамның қаза табуына әкелген оқиға отбасы ішінде болған жанжалдан басталғаны айтылған.

Сот барысында айыпталушы кейбір эпизодтар бойынша кінәсін ішінара мойындаған, алайда бірқатар тармақтармен келіспейтінін білдірген. Мысалы, ол Наурыздың өлімі абайсызда болғанын айтқан.

Сараптама қорытындылары бойынша, күдікті қылмыс жасаған кезде өз әрекетіне жауап бере алатын жағдайда болғаны көрсетілген. Тергеу барысында бұл іске басқа тұлғалардың қатысы анықталмаған.