бейсенбі, 4 маусым, 2026 9:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Орталық Азия өңірі үшін тарихи маңызы бар: Президент қырғыз еліне құттықтау жеделхатын жолдады

Орталық Азия өңірі үшін тарихи маңызы бар: Президент қырғыз еліне құттықтау жеделхатын жолдады
Ақорда
Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы көрші елді Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Жеделхатта бұл шешімнің Қырғызстан үшін ғана емес, тұтас Орталық Азия өңірі үшін де тарихи маңызы бар екені атап өтілген.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қырғызстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануы – президент Садыр Жапаровтың бастамасымен жүргізіліп жатқан сындарлы әрі жауапты саясаттың халықаралық деңгейде мойындалғанын көрсетеді.

"Қазақстан бұл мәселеде Қырғызстанның кандидатурасын әуел бастан қолдады. Алдағы уақытта да осы жауапты міндетті атқару жолында жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбы", – делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Қазақстан президенті Қырғызстанның 2027-2028 жылдар аралығында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі қызметіне табыс тілеп, бауырлас елдің халықаралық аренадағы беделі одан әрі арта беретініне сенім білдірді.

Айта кетейік, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға жауапты негізгі орган саналады. Оның құрамына сайлану кез келген мемлекет үшін сыртқы саясаттағы маңызды жетістіктердің бірі болып есептеледі.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар