Қаскөйлер чат-боттың осалдығын пайдаланып, өздерінің орналасқан жері туралы мәліметтерді қолдан өзгерткен.
Кейін олар жасанды интеллекттің көмегімен бөгде Instagram аккаунттарының құпиясөзін өзгертіп, аккаунтқа тіркелген электрондық пошта мекенжайын өздерінкіне ауыстырған.
Хакерлердің әрекетінен соңғы күндері қанша аккаунт зардап шеккені әзірге белгісіз. Алайда олардың арасында АҚШ-тың бұрынғы президенті Barack Obama қолданған расталған аккаунттың болғаны айтылды.
Бұл мәселе туралы алғашқылардың бірі болып Meta компаниясының бұрынғы қызметкері Jane Manchun Wong мәлімдеді. Оның айтуынша, аккаунтының құпиясөзі өзінен рұқсат сұралмай өзгертілген. Сонымен қатар бір күн бойы оған құпиясөзді қалпына келтіруге қатысты көптеген хабарламалар келіп тұрған.
Meta компаниясының өкілі Энди Стоун Мәселе толықтай шешілгенін айтты. Алайда ол әлемдік көшбасшылардың аккаунттары бұзылғаны туралы ақпаратты растаудан бас тартты.
Өткен аптада Еуроодақтағы әлеуметтік желі қолданушыларының шағымдарын қарайтын тәуелсіз орган Meta компаниясы аккаунттары негізсіз бұғатталды деп есептейтін пайдаланушылардың өтініштеріне іс жүзінде жауап бермейтінін мәлімдеді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




