Лория Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы лауазымынан кетті
- авторОймақ
- Бүгін, 07:25
- 23
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы лауазымынан кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы танымал спортшы өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Лория федерациядағы қызметін аяқтау туралы шешімді бүгін, 2 маусымда қабылдаған. Оның айтуынша, ұйым басшылығы тарапынан басқа қызметке ауысу туралы ұсыныс түскен, алайда ол бұл қадамға бармауды жөн көрген.
«КФФ президенті Марат Омаров федерацияның вице-президенті лауазымында жұмысты жалғастыруды ұсынды, алайда біздің футболды дамытуға деген көзқарастарымыз бен өмірлік құндылықтарымыз кейбір аспектілерде сәйкес келмейді», – деп ашық жазды Давид Лория.
Ол өз жазбасында бірлесіп жұмыс істеген әріптестеріне, отандық клубтарға, өңірлік федерацияларға, бапкерлерге, футбол функционерлеріне, ойыншылар мен барша жанкүйерлер қауымына шынайы алғысын білдірді. Сонымен қатар Лория алдағы уақытта да спорт игілігі үшін еңбек етуді жалғастыра беретінін және ҚФФ қабырғасында жинақтаған үлкен тәжірибесін осы саланың дамуына жұмсайтынын жеткізді.
Еске сала кетейік, Давид Лория 2025 жылдың қаңтар айында Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалған болатын. Ал сол жылдың сәуір айының басында ол ұйымның бас хатшысы лауазымына бекітілді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Атыраудағы қылмыс: Сұлтанның жездесі ақша сұраған
Ұқсас жаңалықтар
СІМ футболдан әлем чемпионатына баратын қазақстандықтарға үндеу жасады
- авторОймақ
- 1 маусым, 2026






