3 маусым күні Қазақстанның үш ірі қаласында ауа райы әртүрлі болады. Астана мен Алматыда жаңбыр күтілсе, Шымкентте күн ашық болады деп болжанып отыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Болжамға сәйкес, бүгін Алматыда жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз ауа температурасы 29 градусқа дейін көтеріліп, түнде 20 градус шамасында болады. Желдің жылдамдығы секундына 5,4 метрге жетеді.
Астанада да өткінші жаңбыр күтіледі. Елорданың күндізгі ауа температурасы 31 градусқа дейін жоғарылап, түнде 16 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,4 м/с.
Ал Шымкентте бүгін жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады. Күндіз термометр бағаны 33 градусқа дейін көтеріліп, түнде 19 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы шамамен 4,4 м/с болады.
Осылайша, бүгін Алматы мен Астанада жаңбырлы ауа райы күтілсе, Шымкент тұрғындарын ыстық әрі ашық күн күтіп тұр.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






