Әлеумет

Танымал блогер бала кезінде әкесінен зорлық көргенін айтты

Жантүршігерлік оқиғалар 6 мен 9 жас аралығында болған.

Танымал қазақстандық TikTok блогері балалық шағында туған әкесінен зорлық көргенін айтып, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Оның сөзінше, жантүршігерлік оқиғалар 6 мен 9 жас аралығында болған. Блогердің айтуынша, әкесі оны түрлі қорқыту мен бопсалау арқылы үнсіз қалуға мәжбүрлеген. Қыз бала сол кезде болған жайтты анасына немесе жақындарына айтуға қорыққан.

Жас қыздың сөзінше, әкесі құпияны жария етсе, отбасы мүшелеріне зиян келтіретінін айтып қорқытқан. Сондықтан ол ұзақ жылдар бойы бұл ауыр жағдайды ешкімге айтпай, ішінде сақтап келген.

Қазір 23 жастағы блогер арада жылдар өткен соң, әжесі қайтыс болғаннан кейін анасымен ашық сөйлесіп, шындықты жеткізгенін айтты. Кейін әкесін жауапқа тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінгенімен, іс белгісіз себептермен жабылып қалған.