дүйсенбі, 1 маусым, 2026 18:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жаңа адамдар: Қозғалыс негізін қалаушы Асель Баденова Әділет партиясына қосылу туралы

Жаңа адамдар: Қозғалыс негізін қалаушы Асель Баденова Әділет партиясына қосылу туралы
Фото: oimaqnews.kz
2026 жылдың 1 маусымда Әділет партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл – еліміздің саяси дамуындағы маңызды кезең. Белсенді, жауапты және жанашыр азаматтарды Әділетті Қазақстан құру бағдарын жүзеге асыру жолында біріктіруге берілген жаңа мүмкіндік.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті Қазақстан құру бағытын айқындаған кезде, еліміздің басты күші өзіне, өз қауымдастығына және мемлекеттің болашағына жауапкершілік ала алатын азаматтар екені белгілі болды.

Осы идея үш жарым жылдан астам уақыт бұрын Жаңа адамдардың құрылуына негіз болды. Уақыт өте келе мүдделестер командасы Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ондаған мың белсенді мен жақтасты біріктірген республикалық жастар Қозғалысына айналды.

 Қозғалыс белсенділері жылдар бойы жасалған жұмыс барысында экология, балалар қауіпсіздігі, қалалық орта, Заң мен Тәртіп мәдениетін дамыту мәселелерін көтеріп, ондаған Азаматтық науқан мен еріктілік бастамаларды жүзеге асырды. Бұл тәжірибе бір нәрсені көрсетті: сенім, ашық диалог және әрекет ету мүмкіндігі адамдарды біріктіріп, айналадағы жағдайды өзгерте алады.

Бүгінде азаматтық белсенділік тәжірибесін шешім қабылдау кеңістігінде көтеріп, өзекті күн тәртібін қалыптастыруға және азаматтардың нақты сұраныстарынан туындайтын бастамаларды ілгерілетуге ұмтылатын азаматтар саны артып келеді. Осы үлкен өзгерістердің нәтижесінде Жаңа адамдар өкілдері жаңа құрылған Әділет партиясының құрамына кірді.

Партияның Саяси кеңесінің құрамына Жаңа адамдардың негізін қалаушы Асель Баденова, Қозғалыстың баспасөз хатшысы Алпамыс Әбілов және Қозғалыстың тең құрылтайшысы Мейіржан Ғарифолаев кірді.

Бүгінде Әділет партиясы жаңа конституциялық құндылықтарды, Президент реформаларын және Әділетті Қазақстан идеясын мемлекетті дамытудың негізі деп санайтын азаматтарды біріктіреді.

Асель Баденова, Жаңа адамдар негізін қалаушы:

«Бүгінде азаматтар болып жатқан үдерістерді сырттай бақылап қана қоймай, оларға ықпал етуді, шешім қабылдау үдерісіне қатысуды және нақты нәтижені көруді қалайды. Мемлекет басшысы ілгерілететін Адал азамат қағидатының мәні де осы: адал, жауапты әрі жасампаз болу сөз жүзінде емес, іс жүзінде көрінуі тиіс.

Партияның Саяси кеңесіне кіре отырып, мен бұл жұмысты мүдделес азаматтармен бірге жауапкершіліктің жаңа деңгейінде жалғастырамын. Алдымызда үлкен жұмыс күтеді. Елдегі өзгерістердің табысты болуы барлық азаматтардың сол өзгерістерді жүзеге асыруға белсене қатысуына байланысты болады».

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар