дүйсенбі, 1 маусым, 2026 15:01

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Спорт министрлігі Шайдровпен ортақ мәмілеге келді

Спорт министрлігі Шайдровпен ортақ мәмілеге келді
Фото: Сали Сабиров
Қол қою рәсімінің барлығы қолданыстағы заңнама талаптарына сай өткен.

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың Михаил Шайдоровпен келісімшартқа қол қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті отандастар, қазақ спортының жанашырлары! Сіздерге Туризм және спорт министрлігі атынан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың мәселесіне байланысты ресми мәлімдеме жасағым келеді. Михаил Шайдоров – отандық спорттың мақтанышы, өз есімін ел спортының тарихына алтын әріптермен жазған саңлақ. Біз оны әрдайым қолдаймыз және халықаралық аренада табысты өнер көрсетіп, биік жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз», - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, қол қою рәсімінің барлығы қолданыстағы заңнама талаптарына сай өткен. Сонымен қатар ол спортшының жуық арада Америкаға жол жүретінін атап өтті.

«Қоғамда кеңінен талқыланып жатқан келісімшарт мәселесіне тоқталсам, бүгінгі күні келісімшарт Шайдоровтың командасына жолданды және оған қол қойылды. Қол қою рәсімінің барлығы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес өтті. Тараптар ортақ мәмілеге келіп, келісімшарттың барлық тармағын жан-жақты талқылады. Құжатқа қол қойылғаннан кейін министрлік оны жұмыс тәртібімен қабылдады. Алдағы уақытта келісімшартта көзделген барлық қаржы толық көлемде төленеді. Тағы бір айта кететін жайт, 5 маусымда Михаил Шайдоров жаңа маусымға дайындық үшін АҚШ-қа аттанады. Сондай-ақ бірер күннен соң Михаил Шайдоров өз командасымен бірге Туризм және спорт министрлігіне келеді. Кездесу барысында алдағы жоспарлар мен келесі Олимпиадаға дайындық мәселелерін талқылаймыз. Сонымен қатар елімізде мәнерлеп сырғанауды дамыту бағытындағы жұмыстар жөнінде де пікір алмасамыз», - деді ол.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар