Руханият

Әнші Нұрлан Абдуллин ұлына алимент төлемей жүргенін айтты

62 жастағы әнші 8 жастағы ұлымен соттасып жүргенін ұят санады.

Қазақстандық әнші Нұрлан Абдуллин баласына алимент төлемей жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Oimaqnews kz Arasha.kz  сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы әлеуметтік желіде Марал Баққара есімді келіншек жазды. Оның сөзінше, қайырымдылық қорына 96 миллион теңге аямаған адам ұлына 25 мың теңге алимент төлемей отырған көрінеді. Жазба авторы әншіні баласына алимент төлеу мәселесіне байланысты сынға алып, бірнеше жылдық берешекті өтеуге шақырған.

Жазба авторы әншінің 62 жаста бола тұра 8 жастағы ұлымен соттасып жүргенін ұят санады.