Астанада бойжеткен тоғызыншы қабаттан секірмек болыпты
Құтқарушылар пәтер есігін ашып, жасөспірімді қауіпті жерден алып шығып, қауіпсіз аймаққа жеткізді.
Астанада құтқарушылар қайғылы жағдайдың алдын алды. 31 мамыр күні таңертең төтенше қызметтерге Майлин көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің тоғызыншы қабатындағы пәтер терезесінің алдына шыққан 16 жастағы қыз туралы хабар түскен.
Оқиға орнына жедел құтқару жасағының қызметкерлері дереу жеткен. Қосымша қауіпсіздік шарасы ретінде үйдің жанына биіктіктен құтқару операцияларында қолданылатын арнайы «өмір кубы» орналастырылды.
Құтқарушылар пәтер есігін ашып, жасөспірімді қауіпті жерден алып шығып, қауіпсіз аймаққа жеткізді.