Өнер иесі Instagram парақшасында жариялаған видеосының астына «Көптен күткен кездесу» деп жазба қалдырған. Кадрлардан актердің жары мен қызын перзентханадан салтанатты түрде шығарып алып жатқанын көруге болады.
Алайда желі қолданушыларының бір бөлігі сәбидің бұдан ертерек дүниеге келгенін болжап, түрлі пікір жазуда. Кейбір оқырмандар ерлі-зайыптыларды жаңа туған нәрестемен бұрыннан көргендерін айтса, енді бірі оқиғаның тым жылдам өрбігеніне таңданыс білдірген.
Еске сала кетейік, Әбілмансұр Серіков пен оның жұбайы 2 мамыр күні болашақ сәбидің жынысын анықтауға арналған рәсім өткізіп, қыз күтіп жүргендерін жариялаған болатын.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






