Роза Рымбаева жас әнші Баянсұлуға көйлегін сыйға тартты
Аңыз әншінің елу жылдық мерейтойында сахнада бірге ән шырқады.
Қазақ эстрадасының аңызы, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева мерейтойлық концертінде жас әнші Баянсұлумен бірге ән шырқап, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Кеш барысында өнер иесі жас талантқа өзінің сахнада киген қызыл көйлегін естелік ретінде тарту етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Баянсұлу бұл қуанышты сәтті әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, Роза Рымбаевамен бір сахнада өнер көрсету өзі үшін ғана емес, ата-анасының да көптен бергі арманы болғанын жазды.