Кішкентай Зейін әжесіне ықыласын білдірді
"50 жыл сахнада" атты мерейтойлық шығармашылық кеш өтті.
Астанада Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның өнер жолындағы 50 жылдығына арналған "50 жыл сахнада" атты мерейтойлық шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Айтулы концертте әншіні отбасы толық қолдап, сахнада бірге өнер көрсетті. Кеш барысында өнерпаздар әулетінің кішкентай мүшесі, Әли Оқаповтың ұлы әрі Роза Рымбаеваның немересі Зейін де көпшілік алдына шықты.
Кішкентай Зейін сахнада өлең оқып, көрерменнің жүрегін елжіретті. Өнерін аяқтаған соң ол залдағы халыққа иіліп тағзым етті. Бұл сәт көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, көрермендер балғын өнерпазға қошемет көрсетті.
Желі қолданушылары да Роза Рымбаева немересінің өнеріне сүйсініп, жылы пікірлерін қалдырды.