сәрсенбі, 27 мамыр, 2026 14:42

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Павлодар облысында ұшақ құлап, ұшқыш қаза тапты

Павлодар облысында ұшақ құлап, ұшқыш қаза тапты
Kerek.pv
Апат 27 мамыр күні таңертең Железинка ауылының маңында болған.

Павлодар облысында АН-2 ұшағы апатқа түсіп, ұшқыштың біреуі оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Pavlodarnews.kz-ке сілтеме.

Алдын ала мәлімет бойынша,  апат 27 мамыр күні таңертең Железинка ауылының маңында болған. АН-2 ұшағы авиациялық-химиялық жұмыстарды орындау барысында электр желісіне ілініп кеткен. Бортта екі экипаж мүшесі болған. Бір ұшқыш қаза тауып, екіншісін құтқарушылар ұшақтан шығарып үлгерген. Зардап шеккен ұшқыш есін біледі.

Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері, дәрігерлер және ҚР Көлік министрлігінің көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің мамандары жұмыс істеп жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше,  1998 жылы туған зардап шегуші қазіргі уақытта апаттар медицинасы орталығының бортымен Железинка аудандық ауруханасынан Павлодар қалалық №1 ауруханасының политравма бөліміне тасымалдануда. Барлық диагностикалық шаралар жүргізілгеннен кейін оның жағдайы бойынша ақ желеңділер  қосымша мәлімдейтінін жеткізді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар