Қоғам

Қарызы көп ҚТЖ 1 млрд теңгеден астам сыйақы төлеген

Сыйақы топ-менеджерлер мен директорлар кеңесіне берілген.

Талғат Алдыбергенов ҚТЖ-ның қарызы 4 трлн теңгеге жеткеніне қарамастан, топ-менеджерлер мен директорлар кеңесіне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

Талғат Алдыбергенов айтуынша, сыйақы мөлшері компанияның қаржылық нәтижелеріне байланысты.

Ол аталған сомаға тек басқарма мүшелеріне берілетін сыйақылар ғана емес, сондай-ақ директорлар кеңесінің сыйақылары, еңбек демалысына төленетін қаражат және басқа да төлемдер кіретінін нақтылады. Сондай-ақ, Талғат Алдыбергенов айтуынша, төлемдер туралы шешім бірнеше деңгейлі тексерістен өтеді.