сәрсенбі, 27 мамыр, 2026 2:39

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түлектер гүлдерін арзан бағаға сатып жатыр

Түлектер гүлдерін арзан бағаға сатып жатыр
Фото: Arasha.kz
Сатылымға қойылған гүлдердің басым бөлігі мереке күні алынған қымбат букеттер екені байқалады.

25 мамырдан кейін түлектер гүлдерін OLX-та арзан бағаға сатып жатыр. Желідегідер бұл жағдайды қызу талқылауда, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Мектеп түлектерінің мерекеде алған қымбат гүл шоқтарын енді интернет арқылы арзан бағаға сатып жатыр.

Instagram, TikTok және басқа да платформаларда қолданушылар түлектердің гүл шоқтарын қайта сатуға шығарып жатқанын көрсететін скриншоттар мен хабарландыруларды жариялауда. Гүлдер онлайн жарнама платформа – OLX арқылы сатылуда.

Жарнамаларда «арзанға сатамын» деген сипаттағы жазбалар да бар. Бағалары бастапқы мерекелік құнынан әлдеқайда төмен.

Сатылымға қойылған гүлдердің басым бөлігі мереке күні алынған қымбат букеттер екені байқалады. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар