Павлодар облысында жер сілкінісі тіркелді
Аталған елді мекен эпицентрден 47 шақырым жерде орналасқан.
Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысында жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 26 мамыр күні Астана уақытымен сағат 11:28-де ҚР ТЖМ «Ұлттық ғылыми сейсмологиялық зерттеулер орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеген.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 855 шақырым қашықтықта, Павлодар облысы аумағында орналасқан.
Эпицентр координаттары: солтүстік ендіктің 50.47 градусы және шығыс бойлығының 76.47 градусы. Жер сілкінісінің тереңдігі 30 шақырым болған. Энергетикалық класы – 10,7.
MSK-64 шкаласы бойынша есептелген қарқындылық Баянауыл ауданындағы Баянауыл ауылында 2 баллды құраған. Аталған елді мекен эпицентрден 47 шақырым жерде орналасқан.