Алматыда мектеп бітірушілер оқу жылының аяқталуына орай қала көшелерімен көлік кортежін ұйымдастырып, соңы айыппұлмен аяқталды. Полиция 21 түлектің ата-анасын жауапқа тартты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы қоңырауға арналған салтанатты шаралар қарсаңында қаладағы мектептердің бірінің түлектері қатысқан автокортеж ұйымдастыру дерегі тоқтатылған.
"Бұған дейін тұрғындарға мұндай шараларды өткізуге тыйым салынатыны түсіндірілгеніне қарамастан, бір топ түлек қала көшелерімен көлік колоннасымен жүрген. Олар жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзған", – деп хабарлады полиция.
Қабылданған шаралар нәтижесінде кәмелетке толмаған 21 қатысушының ата-анасы балаларын тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін жауапкілікке тартылды.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу деректері бойынша бес әкімшілік хаттама толтырды.
Кортежге қатысқан автокөліктер арнайы айыптұраққа қойылды.
Алматы қаласы Бостандық ауданы батальонының командирі Ғабит Ибраемов полиция мұндай автокортеждер өткізуге, әсіресе кәмелетке толмағандардың қатысуымен ұйымдастыруға болмайтынын алдын ала ескерткенін атап өтті.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Ақша айырбастау пунктін тонаған адам филармонияның бұрынғы басшысы екен
- авторОймақ
- 24 мамыр, 2026
Туысы Ақбаянның балаларын қамқорлығына алу мүмкін емес екенін айтты
- авторОймақ
- 24 мамыр, 2026





