«Sim-картаңыз бен аккаунтыңызға сақ болыңыз»: полиция жасөспірімдерге ескерту жасады (видео)
ІІМ әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарды өзгелерге беру мәселесіне қатысты үндеу жасады. Алаяқтар жасөспірімдерден sim-карталары мен аккаунттарын алып, жымысқа мақсатта пайдаланып жүр. Полиция мұндай әрекеттер қылмысқа көмектесу ретінде қаралатынын ескертті,.
Кәмелетке толмағандар ақша алу үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өзгелердің өтінішімен sim-карталарды іске қосып, оларды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге тіркеп, кейін басқа адамдарға беру жағдайлары анықталып отыр.
ІІМ азаматтарды шығу тегі күмәнді sim-карталар мен құрылғыларды сатып алмауға және таратпауға; өз аккаунттарын үшінші тұлғалардың пайдалануына бермеуге; кәмелетке толмағандарға мұндай әрекеттердің жауапкершілігі мен салдарын түсіндіруге; абоненттік нөмірлерді мессенджерлерде тіркеп, кейін оларды бөгде адамдарға бермеуге; күдікті әрекеттер байқалса, құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады. Полиция цифрлық кеңістікте сақ болу керектігін кезекті рет ескертті.