жексенбі, 24 мамыр, 2026 11:52

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстан құрамасы екі алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы екі алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды
Жастар арасындағы Азия чемпионаты 1 маусымға дейін жалғасады.

Въетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Алғаш болып бозкілемге грек-рим күресінің шеберлері шықты. Қазақстан құрамасы екі алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) және Ислам Евлоев (97 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.

Ибрахим Нұрмұхаммед (72 келіге дейін), Әлихан Дурсунов (77 келіге дейін), Джохар Узаров (130 келіге дейін) күміс медаль еншіледі.

Ал Кирилл Минько (82 келіге дейінгі) қола медальға ие болды.

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты 1 маусымға дейін жалғасады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар