жексенбі, 24 мамыр, 2026 12:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Депутатқа пластикалық ота жасаған клиника мәлімдеме жасады

Депутатқа пластикалық ота жасаған клиника мәлімдеме жасады
әлеуметтік желіден
Клиниканың бас дәрігері желіде тараған «лицензиясы жоқ» деген ақпаратты жоққа шығарды.

Ақтаудағы «Қасиет» медицина орталығы облыстық мәслихат депутаты Ербол Айтуовның липосакциядан кейін қайтыс болуына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

Клиниканың бас дәрігері желіде тараған «лицензиясы жоқ» деген ақпаратты жоққа шығарып, 2015 жылдан бері ресми лицензиямен жұмыс істейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ анестезиология және реаниматология қызметіне рұқсат бар екенін атап өтті. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі тексеріс барысында ота бөлімінің талапқа сай жабдықталмағанын және бірқатар заңбұзушылық анықталғанын хабарлаған еді. Іс материалдары прокуратураға жолданған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ербол Айтуов Ақтаудағы пластикалық отадан кейін көз жұмғаны туралы ақпарат тараған. 49 жастағы ер адам иегіне липосакция жасату үшін клиникаға жүгінген.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар