жұма, 22 мамыр, 2026 15:12

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Айтатын сөз де болмады": Сәрсемалиевтің әкесі ұлымен жүздесті

"Айтатын сөз де болмады": Сәрсемалиевтің әкесі ұлымен жүздесті
Alash.kz коллажы
Ол бұл туралы журналистерге пікір білдірді.

Атыраудағы қайғылы оқиғаға байланысты айыпталып отырған Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі Самиғолла Сәрсемәлиев журналистерге қысқаша пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Оның айтуынша, ол ұлымен арнайы ұйымдастырылған кездесу кезінде ғана жүздескен. Алайда әке мен бала арасындағы әңгіме ұзаққа созылмаған.

Самиғолла Сәрсемәлиев кездесудің небәрі бес минутқа жалғасқанын айтты. Сол сәттегі толқыныстан не айтқанын да анық есіне түсіре алмайтынын жеткізді.

– Көрдік. Кездесу ұйымдастырды. Кіріп шықтық, болды. Бар болғаны бес минут қана. Айтатын сөз де болмады. Не айтып, не қойғанымыз есімде жоқ. Сөйлей де алмай қалдым. Әзірге ештеңе белгісіз. Сот болған жоқ, – деді ол.

Айыпталушының әкесі қазіргі уақытта нақты қорытынды жасауға ерте екенін айтып, сот процесі әлі басталмағанын атап өтті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар