Қоғам

Журналист Ботагөз Омарова кешірім сұрады

Бұған дейін жариялаған ақпаратының жалған екенін мойындап, ресми түрде теріске шығарды.

«Айтпа, Ботагөз» Telegram-арнасының авторы, журналист Ботагөз Омарова «ВД Строй-Инжиниринг» компаниясы мен оның директоры Азамат Үсімбеков туралы бұған дейін жариялаған ақпаратының жалған екенін мойындап, ресми түрде теріске шығарды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Мәлімдемеге сәйкес, Омарова осы жылдың 20 ақпаны мен 7 наурызы аралығында Instagram және Telegram парақшаларында аталған компанияның Астанадағы ат спорты кешенінің құрылысы бойынша «Ремстрой-1» жұмысшыларына қарызы бар деген ақпаратты таратқан болатын.

Оның айтуынша, қолында компанияның қарызы жоқтығын растайтын құжаттар болса да, ол жалған ақпарат таратуды жалғастырған.

Журналист компаниядан және өз оқырмандарынан кешірім сұрап, істеген әрекетіне өкінетінін жеткізді.

Сонымен қатар, журналист Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бар екенін түсінетінін атап өтіп, әріптестерін ақпаратты жарияламас бұрын мұқият тексеруге шақырды.