Соққының қатты болғаны сонша, әйел адам жабық бас-сүйек жарақатын алып, миы шайқалған.
Бетін тігуге тура келген. Қазір ол бастың тоқтаусыз ауруынан, стресс пен ұйқысыздықтан зардап шегіп отыр.
Ең сорақысы — футбол клубының бұл жағдайды жылы жауып қойғысы келгені.
Клуб басшылығы зардап шеккен келіншекке өтемақы ретінде не ұсынды дейсіз ғой? Бар-жоғы тегін жылдық абонемент пен клубтың футболкасы! Бас жарақатына — футболка. Ойыншылардың кінәсі жоқ, бірақ стадионда ешқандай қауіпсіздік торы немесе ескерту белгілері қойылмаған. Кінә тікелей ұйымдастырушыларда.
Аянай бұл келеңсіздікке үнсіз қалмай, клубты сотқа беріп, жауапқа тартпақшы. Клуб шын мәнінде адам тағдырына бас қатырып отырған жоқ. Айтпақшы, сол күнгі матчта «Ақтөбе» өз үйінде 1:1 есебімен тең түсіп, Қазақстан Кубогынан ұшып кетті. Ойыннан ғана емес, адамгершіліктен де ұтылған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






