«Алтын ханымның" сыйақысы: Ақмоншақ Нұртаза ұстаздарға ерекше сый жасады
- авторОймақ
- Бүгін, 07:35
- 114
Әлеуметтік желідегі тренд видеоларымен танылған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза ұстаздарға арнап Астанада екі күндік рухани сапар ұйымдастырды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, жоба «Алтын ханым» байқауынан алған сыйақы есебінен жүзеге асып, педагогтарды шабыттандыру мен қолдауға бағытталған.
«Астанадағы екі күнге созылған рухани сапарымыз тек демалыс емес, ұстаздарымыздың ішкі әлемін жаңаша ашқан ерекше белеске айналды.
Біз бұл бастаманы жеке қаражатыммен, яғни «Алтын ханым» жобасынан иеленген сыйақымның есебінен толықтай әлеуметтік мақсатта ұйымдастырдым. Бұл - коммерциялық емес, таза жүректен туған жоба. Сонымен қатар, қатысушыларымызға арнайы қолдау көрсеткен ұжымына алғыс айтамыз: олар біздің үздік ұстаздарымызға біліктілік арттыру курстарына қатысуға арнайы сертификаттар табыстады.
Әрбір сәт педагогтарымыздың өзін «жұлдыз» сезінуіне, шабыттануына арналды.
«Қуанышты адам ғана айналасына қуаныш сыйлайды, шабыттанған мұғалім ғана шәкіртін алға жетелейді».Біз осы жоба арқылы ұстаздың жанарындағы сөнбес отты жаға алғанымызға сенімдімін. Астанадағы кездесуімізбен жобаның бір парағын жапқанымызбен, бұл — үлкен игі істердің бастауы ғана. Біз ұстаздарымызды қанаттандыруды жалғастыра береміз!», — деді ол.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





