Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев: Алтын Орда Батыс пен Шығысты жалғаған аса ірі саяси құрылым болды

Бүгін Астанада халықаралық симпозиум өтті.

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиум өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев симпозиумның ашылу салтанатында сөз сөйледі, деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Іс-шараға әлемнің 20-дан астам елінен делегация қатысты. Олардың қатарында тарихшы-медиевистер, археологтар, шығыстанушылар, түркітанушылар, моңғолтанушылар, нумизматтар, эпиграфика мамандары, саясаттанушылар, мәдениеттанушылар, өнертанушылар, дипломаттар және халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.

Ол сөзін жалғай отырып, Алтын Орданың өркениеттердің дамуына ерекше ықпал еткенін айрықша атап өтті.