Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Бәйтерек" монументінің жанында шампан ашып, видео түсірген блогерге айыппұл салды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, блогер бұл бейнероликті 27 сәуір күні түсірген. Ол "Бәйтерек" маңында шампан бөтелкесін ашып, ішіндегі сусынды жерге төккен.
Сот отырысында әйел өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты. Оның сөзінше, блогер ретінде трендтегі видео түсіргісі келген. Сондай-ақ ол кейін қоқысты жинап кеткенін түсіндірген.
Сот шешімімен блогер саябақ пен сквер аумағын ластағаны үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұл – 43 250 теңге.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






