Саясат

Ердоған кортежін тоқтатып, түркістандықтармен суретке түсті

Қала тұрғындары Түркия Президентін қарсы алды.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркістан көшелерінің бірінде жиналған тұрғындармен жүздесу үшін өз кортежін тоқтатты. Бұл туралы өңір әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Түркістан облысының әкімдігі Түркі мемлекеттерінің саммитіне бара жатқан Түркия Президентін қала тұрғындарының қалай қарсы алғаны бейнеленген видео жариялады.