Сыйлыққа 50 млн теңге: тараздық талапкер ҰБТ-дан 140 балл жинап, рекорд орнатты
Тараз қаласының тумасы Нұрғанат Қанат Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары 140 балл жинап, ерекше нәтиже көрсетті. Ол білім беру орталығынан пәтер, автокөлік немесе 50 миллион теңге сыйлықтың бірін таңдай алады.
араз қаласының тумасы Нұрғанат Қанат Ұлттық бірыңғай тестілеуден (ҰБТ) ең жоғары 140 балл жинап, толық нәтиже көрсетті7
Жас талапкер JUZ40 білім беру орталығының уәдесі бойынша бизнес-класс пәтер, Mercedes E-Class автокөлігі немесе 50 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтың бірін таңдай алады. Сонымен қатар орталық оқушыға 4 жыл бойы 140 000 теңге шәкіртақы береді.
Ал ата-анасына 3 миллион теңге сыйақы беріледі. Айта кетейік, 240 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 446 мыңнан астам өтініш берген. ҰБТ 10 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығы.
Нұрғанат қазіргі таңда ҰБТ-ға дайындайтын JUZ40 білім беру орталығында білім алып жатыр. Бұл орталықтың дайындық сапасының жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.
Ақпараттық анықтама: JUZ40 — 2018 жылдан бері 10-11 сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындайтын EdTech білім беру орталығы. Компанияның басты миссиясы — білім мен тәрбиені қатар беріп, саналы ұрпақ қалыптастыру.