Алматыда Исраил Сапарбайды еске алу кеші өтті
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана ұйымдастырған.
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, ақын, драматург әрі сазгер Исраил Сапарбайдың шығармашылығына арналған «Жыр айдынының алып кемесі» атты еске алу кеші өтті, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
Іс-шара ақынның мол әдеби мұрасын насихаттап, қазақ поэзиясы мен әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлғаның еңбегін кеңінен танытуға бағытталды.
Жиын соңында қатысушылар ақын өлеңдерін оқып, оның сөзіне жазылған әндерді орындады. Олардың қатарында «Мен қазақ қыздарына қайран қалам», «Махаббат мәңгі ертегі», «Сағыныш» секілді халық арасында кең таралған туындылар болды.