Мемлекет басшысы Түркия президентімен өткен кездесуден фотосурет жариялады
Президент Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен бейресми кездесу өткізген еді.
Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі парақшасына Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен резиденцияда өткен бейресми кездесуден сурет салды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Фотоға қатысты жазбада Президент:
«Қадірлі бауырым Режеп Тайип Ердоғанмен резиденциямда өткен емен-жарқын әңгіме сәтінен», – деп жазған.
Айта кетейік, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған 13-14 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға мемлекеттік сапармен келді. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізіліп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері талқылануда.