Саясат

Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Түркия президентінің ұшағы Астанаға келіп қонды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

– Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға ресми мемлекеттік сапармен келді, - делінген хабарламада.