сәрсенбі, 13 мамыр, 2026 17:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сергек камералары жүргізушінің шаршағанын да анықтай алады

Сергек камералары жүргізушінің шаршағанын да анықтай алады
Sputnik / Владислав Воднев
Қазақстанда жол апатын алдын ала болжайтын камералар сынақтан өтіп жатыр. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандағы Sergek камералары енді жол апатын оқиға болғаннан кейін емес, оған дейін анықтауға бейімделіп жатыр. Жаңа технология жүргізушінің шаршағанын, агрессивті көлік жүргізу мәнерін және қауіпті жол учаскелерін алдын ала анықтай алады.

Бұл туралы Sergek Group компаниясының өнімдерді дамыту жөніндегі директоры Нығмет Абдрахманов Жол қозғалысы қауіпсіздігіне арналған ұлттық семинарда мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі көптеген қауіпсіздік жүйелері жол-көлік оқиғасы болғаннан кейін ғана әрекет етеді. Ал Sergek-тің жасанды интеллект платформасы қауіп-қатерді алдын ала байқап, полицияға дер кезінде белгі береді. «AI-платформа қаланың бейнеағынын сенсорлық желі ретінде талдайды. Жүйе жүргізушілердің агрессивті әрекеттерін, жолдағы қауіпті аймақтарды және трассалардағы жүргізушінің шаршау белгілерін анықтай алады», – деді ол. Компания мәліметінше, қауіп анықталған сәттен бастап патрульге хабар жеткенге дейін екі минутқа да жетпейтін уақыт кетеді. Сонымен қатар жүйе жол инфрақұрылымын жоспарлауға да көмектеспек. Атап айтқанда, бағдаршам фазаларын өзгерту, жол геометриясын қайта қарау және қауіпсіздік элементтерін дұрыс орналастыру бойынша ұсыныстар береді. Қазіргі уақытта жаңа жүйе тестілеу кезеңінен өтіп жатыр. 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар