Құрбандықты онлайн шалуға болады: ҚМДБ платформаны іске қосты
Жаңа сервис рәсімді жеңілдету және оны заманауи талаптарға сай өткізу үшін әзірленген.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айтқа орай қазақстандықтарға құрбан шалу рәсімін қашықтан тапсырыс беруге мүмкіндік беретін Qurban Muftyat онлайн-платформасын іске қосты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Жаңа сервис рәсімді жеңілдету және оны заманауи талаптарға сай өткізу үшін әзірленген.
Платформа пайдаланушыларға бірнеше ыңғайлы мүмкіндік ұсынады. Атап айтқанда, азаматтар құрбандыққа шалынатын мал түрін өздері таңдай алады, сондай-ақ сайт арқылы қауіпсіз түрде қаражат аудара алады.
Сонымен қатар, тапсырысты өз атынан да, басқа адамдардың – туыстарының немесе қайтыс болған жақындарының атынан да рәсімдеуге болады.
Жүйе тапсырыстың орындалу мәртебесін және құрбан шалу процесін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді.
Сұрақтар туындаған жағдайда пайдаланушылар Qurban Muftyat платформасындағы кері байланыс қызметі арқылы мамандардан көмек ала алады.