Қоғам

«Балапан» продюсерінен зорлық көрдім деген мәлімдеме тексеріліп жатыр

Әлеуметтік желілерде зорлық туралы мәлімдеме жасалған бейнежазба тарады.

Бейнежазба авторы Нұрғали Нұғманның айтуынша, ол бала кезінде продюсерден зорлық көрген, деп хабарлайды Қазақпарат

Алматы қаласының полиция департаменті бейнежазба бойынша материал белгіленген тәртіппен тіркелгенін хабарлады. Қазіргі уақытта процессуалдық тексеріс басталған.

Полиция аталған дерек расталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.