Спорт

Азия чемпионатына бокстан жасөспірімдер финалға шықты

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа 30 өреніміз аттанған болатын. Соның тең жартысы финалға жолдама алды

Ташкентте Қазақстаннан барған 15 жасөспірім боксшы финалға шықты.

15 және 17 жасқа дейінгі жас спортшылардың құрлықтық жарысы қазақстандық жас спортшылар үшін сәтті өтуде.

15 жасқа дейінгі ұлдар арасында 10 қазақстандық боксшының 8-і қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, финалға шыққан. Сонымен бірге қыздар арасында 7 боксшы финалда алтынға таласпақ. Дода 15 мамырға дейін жалғасады. Осылайша, Қазақстан атынан барған 30 спортшының жартысы жүлделі болуы мүмкін.