Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде видео жариялап, хайп қуу мақсатында табиғи және тарихи нысандарды бүлдіру деректері жиілеп кетті. Табиғи ескерткіштер, қорықтар, ұлттық парктер және тарихи нысандар Қазақстан Республикасының ұлттық қазынасы және мемлекет қорғауында. Жартастарға, ескерткіштерге және өзге де мәдени әрі табиғи объектілерге жазу, оларды зақымдау – заңбұзушылық. Бұл үшін жауапкершілік қарастырылған.
«Қылмыстық кодекстің 294-бабы – «Вандализм» бойынша мемлекет қорғауындағы нысандарды бүлдіргені үшін 100-ден 2000 АЕК-ке дейін (2026 жылы 432 500-ден 8 650 000 теңгеге дейін) айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту, 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе одан айыру жазасы қарастырылған», — деп ескертті полициядағылар.
ІІМ вандализмге түбегейлі құқықтық баға берілетінін айтты.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





