"Қуанышты жаңалығым бар": шетелдіктер асырап алған Жәнібек тың мәліметтер жариялады
- авторОймақ
- Бүгін, 15:28
- 18
Торғай өңірінде дүниеге келіп, кейін шетелдіктер асырап алған Жәнібекке қатысты жаңа мәліметтер шықты, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап. Ол бұл туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Жәнібек туған анасын іздеуді әлі де жалғасып жатқанын және оның оңай емес екенін айтты.
Айтуынша, анасын іздестіру жолында белсенді азаматтар мен заңгерлер қолдау көрсетіп келеді. Соңғы уақытта үміт сыйлайтын тың деректер де табылған.
"Сәлеметсіздер ме, қадірлі отбасым мен достарым. Сіздермен жүрекжарды жаңалығымды бөліскім келеді. Қымбат Досжан мен Мейірман Шекеева және тағы басқа жанашыр адамдармен бірге анамды іздеуді әлі де жалғастырып жатырмыз. Бұл іздеудің қанша уақытқа созылатынын нақты білмеймін. Мүмкін ұзаққа жалғасар, мүмкін күтпеген жерден жақын арада жақсы жаңалық болар. Соңғы уақытта бізге үміт сыйлайтын бірнеше іздер кездесті. Мен күн сайын сіздерді де, анамды да ойлаймын. Баршаңызға тек жақсылық тілеймін", – деп жазды Жәнібек.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




