Қоғам

Атырауда тұрғын үйден өрт шығып, 35 адам эвакуацияланды

Атырауда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, құтқарушылар 35 адамды, оның ішінде 15 баланы қауіпсіз жерге көшірді .

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Ахмедияров көшесіндегі бес қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерде болған. Тілсіз жау аз аумақты шарпып, дер кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.