Макрон Арменияның Ресей қамқорлығына бұдан былай мұқтаж емес екенін мәлімдеді
- авторОймақ
- Бүгін, 07:33
- 110
Оның айтуынша, Армения бұрынғы тәуелділіктен арылып, еуропалық бағытты саналы түрде таңдап отыр.
«Осыдан сегіз жыл бұрын көпшілік Арменияны Ресейге қатты тәуелді, қауіпсіздігі толықтай соның қолындағы ел ретінде көретін. „Барқыт революциясынан“, бейбітшілік саясаты мен Еуропаға бет түзегеннен кейін, біз қазір жаңа дәуірдің ашылғанына куә болып отырмыз. Исландиядан Кавказға дейін созылып жатқан бұл Еуропа, яғни Еуропалық саяси қоғамдастықты біріктіретін үлкен Еуропа бізге есірткі тасымалымен күрес, энергетикалық ынтымақтастық пен өзара байланыс, демократиямызды сыртқы араласу мен жалған ақпараттан қорғау, сондай-ақ қорғаныс пен қауіпсіздік саласында бірлескен шешімдер қабылдау туралы еркін сөйлесуге мүмкіндік береді», - деді Макрон.
Сондай-ақ, Макрон Ресейдің аймақтағы рөлі туралы бұрынғы түсініктердің ақталмағанын атап өтіп, Арменияның өз болашағын ешқандай сыртқы қамқорлықсыз-ақ құра алатынын қадап айтты.
Сапар бейресми жағдайда аяқталды. Франция президентінің пианинода Шарль Азнавурдың «Богема» шығармасын орындап жатқан сәті таспаға түсіп қалған. Оған Армения премьер-министрі Никол Пашинян соқпалы аспаптармен (барабан) сүйемелдеу жасады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






