Президент Айбек Дәдебайға алғыс айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып келген Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға беріп, зор ризашылығын білдірді.
Ақпаратты Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жария етті.
“Таяу уақытта елімізде ауқымды саяси науқан өтетіні белгілі. Осындай сындарлы сәтте Айбек Арқабайұлы Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша қоғамдық-саяси жұмыспен айналысады”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 5 мамырда Президент Жарлығымен Айбек Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылған еді. Ал оның орнына Президент Әкімшілігінің басшысы болып Роман Скляр тағайындалды. Бұған дейін ол Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарған.