"Педагогтерді қорғаймыз": Аймағамбетов мұғалімдердің жауапкершілік аясы заңмен нақтыланатынын айтты
Бұл туралы Мәжіліс отырысында айтты.
Педагогтердің жауапкершілік аясын заңмен нақтылау ұсынылуда. Енді ұстаздар оқушылардың өмірі мен денсаулығына тек оқу-тәрбие үдерісі кезінде және өз қызметтік міндеттері шеңберінде ғана жауапты болуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс отырысында депутат Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Оның сөзінше, жаңа заң жобасы бірнеше маңызды бағытты қамтиды. Соның ішінде педагогтердің жауапкершілік шегін айқындау мәселесі де бар. Аталған бастама Президенттің Тамыз кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес әзірленген.
Осыған байланысты заңнамаға нақты түзетулер енгізіліп, педагогтердің жауапкершілік ауқымы айқындалмақ. Яғни енді ұстаздар тек оқу үдерісі барысында және өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде ғана жауапты болады.