Қоғам

Астанада аулада көлік кішкентай баланы жаншып өтті (видео)

Астанадағы аулалардың бірінде қайғылы оқиға болды, салдарынан кішкентай бала қаза тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша 1 жас 8 айлық сәбиді көлік қағып кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. ІІМ өкілдері ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау қажет екенін еске салды.

"Kia Seltos көлігінің жүргізушісі жолға жүгіріп шыққан кішкентай баланы қағып кеткен. Оқиға салдарынан бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", - деп жазылған хабарламада.