жексенбі, 3 мамыр, 2026 16:33

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Грузияда БАҚ-ты қорғауға арналған митинг өтіп жатыр

Грузияда БАҚ-ты қорғауға арналған митинг өтіп жатыр
Фото: видеодан скрин
3 мамыр күні Грузияның Тбилиси қаласында Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күніне орай жүздеген адам наразылыққа шықты. Жиналғандар “Мзияға бостандық және елдің еуропалық бағытын қолдаймыз” деп ұрандатты. Олар журналистердің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді, қамаудағы әріптестерін босатуды талап етті.

Ұйымдастырушылар медиаға қысым күшейгенін айтады. Олардың сөзінше, елде журналистерге шабуыл жасау мен оларға қатысты қылмыстық істердің саны артқан. Журналист Мзия Амаглобели митингтің символына айналды. Ол "Сахаров" сыйлығының лауреаты. 2025 жылдың басынан бері қамауда отыр. Сот оны Батуми қаласында өткен акция кезінде полицейді шапалақпен ұрғаны үшін екі жылға соттаған.

Елдегі шекарасыз тілшілер ұйымы Грузияны баспасөз бостандығы индексінде 180 елдің ішінде 135-орынға орналастырды. Ел бір жылда 21 сатыға төмендеді.

Шекарасыз тілшілер дерегінше, 2026 жылы әлемдегі баспасөз бостандығы соңғы 25 жылда ең төмен деңгейге жеткен. Елдердің жартысынан көбі "қиын" немесе "өте қиын" санатына кіреді. БАҚ-қа көбіне заңдар мен сот жүйесі арқылы қысым жасалып жатыр. 

Қазақстан рейтингте 149-орында тұр. Ал Норвегия бірінші орнын сақтап отыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар