жексенбі, 3 мамыр, 2026 14:53

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Аида Балаева: Көші-қон саясаты жаңа деңгейге көтеріледі

Аида Балаева: Көші-қон саясаты жаңа деңгейге көтеріледі
Фото: Primeminister.kz
Үшінші бағыт — адами капиталды жоспарлы түрде тарту моделіне көшу.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көші-қон саясатын жаңғыртуға қатысты Президент Жарлығын іске асырудағы Үкіметтің негізгі тәсілдері мен басым бағыттарын түсіндірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін мен көші-қон саясатын жетілдіруге бағытталған Президент Жарлығын іске асырудағы Үкіметтің негізгі тәсілдері мен басым бағыттарын кеңінен түсіндіріп өткім келеді. Бұл Жарлықты біз жай ғана құжат емес, көші-қон саясатын жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам ретінде қарастырамыз. Сондықтан оны жүзеге асыру барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді, жүйелі жұмысты талап ететін ортақ міндеті», –  дейді вице-премьер.

Сондай-ақ ол жүйедегі өзгерістерге тоқталды.

«Қарапайым тілмен айтқанда, біз бұрынғы күрделі әрі шектеулерге толы жүйеден біртіндеп бас тартып, ашық әрі икемді модельге көшіп жатырмыз. Басты мақсат – отандық экономикаға қажетті, сұранысқа ие мамандар үшін ашық, болжамды және қолайлы көші-қон жүйесін қалыптастыру».
Жаңа бағыттардың бірі сервистік мемлекет қағидатына негізделеді. Бірінші негізгі бағыт — көші-қон саласында сервистік мемлекетті қалыптастыру. Іс жүзінде бұл “бір терезе” қағидатын кеңейту, негізгі процестерді толық цифрландыру және ведомствоаралық келісімдерді қысқарту арқылы жүзеге асады. Яғни барлық рәсімдер біртұтас жүйе арқылы жүргізіледі», – дейді министр.

Министр кадр тарту мен еңбек нарығын дамыту да басты назарда екенін айтты. 

«Үшінші бағыт — адами капиталды жоспарлы түрде тарту моделіне көшу. Осы ретте “Алтын виза” тетігі енгізіледі. Бұл инвесторлар мен жоғары білікті мамандар үшін тұрақты әрі болжамды жағдай қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар еңбек нарығының икемділігі артып, кәсіби біліктілікті тану рәсімдері жеңілдетіледі», – деді Аида Балаева 

Оның сөзінше, бұл бастамалар елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. 

«Стратегиялық тұрғыдан алғанда, бұл Жарлық Қазақстанның инвестиция, технология және адами капитал үшін жаһандық бәсекедегі орнын күшейтуге бағытталған. Осылайша, көші-қон саясаты экономикалық дамудың маңызды тетігіне айналады», – деді министр.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар