Экономика

Доллар бүгін қаншадан саудаланып жатыр

Шетел валютасының бағамы жарияланды.

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде шетел валютасының бағамы жарияланды.

Kurs.kz дерегіне сүйенсек, елордадағы айырбастау орындарында: — АҚШ доллары 459,10 теңгеден сатып алынып, 466,00 теңгеден сатылуда;
— еуро 537,00 теңгеден қабылданып, 547,00 теңгеден ұсынылуда;
— ресей рублі 5,85–6,15 теңге аралығында;
— қытай юані 67,16 теңгеден сатып алынып, 72,89 теңгеге дейін сатылуда.

Ал Алматыда валюта бағамы мынадай: — доллар 462,43–464,61 теңге аралығында;
— еуро 541,62–546,70 теңге шамасында;
— рубль 5,95–6,08 теңге диапазонында;
— юань 67,39–70,21 теңге аралығында айырбасталуда.